аржылық жоспарлаудың міндеттері мен ұстанымдары.

Предыдущая234567891011121314151617Следующая

. Қаржылық жоспарлау - бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Ол экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқының қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтеріне ақшамен қауыштырылған бөлудің қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасауына ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігіне байланысты ақшалай нысанда жүзеге асырылады.Қаржылық жоспарлаудың мазмұны экономикалық субъектілердің ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық үдерістермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорларды қалыптастыру және пайдалану.Қаржылық жоспарлаудың объекті шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен қаржыландырудың дара жоспарларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржылық саясатпен айқындалады. Бұл:

қаржылық ресурстарды қалыптастыру көздерін және олардың мөлшерін анықтау;орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар, ұлттық шаруашылықтың салалары және әкімшілік-аумақтық бөлімшелер арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімдерін белгілеу;ресурстарды пайдаланудың нақтылы бағыттарын анықтау және қажетті резервтер жасау.Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Қаржылық жоспарлауды мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.Шаруашылық жүргізудің рыноктық жағдайларында шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкі нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты қаржылық жоспарлау көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.Болжам - арнайы ғылыми зерттелім негізінде болашақта қандайда бір жай-күй туралы ықтималдық жорамалдау. Болжау - қандайда бір құбылыс объекті, үдеріс дамуының нақтылы перспективалары туралы болжам әзірлеу. Қаржыларға қатысты болжаудағы құбылыс дамуы - бұл қаржылық қатынастарды мүмкіндігінше жетілдіру, объект - қаржылық ресурстар, үдеріс - ақшалай қаражат қорларының қозғалысы.Жоспар - іс-әрекеттерді немесе іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, мезгілдерін және дәйектілігін анықтайтын тапсырмалардың бірыңғай мақсатына жетуге бағытталған өзара байланысты жүйе. Жоспарлау - тегінде жоспарды әзірлеуде, оның орындалуын ұйымдастыруды және атқарылуын бақылауды қамтитын үдеріс.Шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық- үйлестіруші рөлді орындайды және қаржылық қызметтің субъектілеріне экономикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал ете



.Жоспарлау тәртібі әдетте мынадай:

- мақсаттарды анықтау;

- компанияның болашақ жағдайының үлгісін (моделін) жасау;

- оған қол жеткізу әдістерін анықтау;

- кеткен нәтижелерді мақсатқа айналдыру (трансформация) және орындаушылардың

міндеттерін белгілеу.

Осылайша, жоспарлау дегеніміз – бұл:

- мақсаттарды жүйелі қалыптастыру және оларға қол жеткізу шараларын жасау;

- компания қызметінің параметрлерін үлгілеу (жобалау), олардың өзара байланысын, қол жеткізу шарттары мен мерзімдерін анықтау;

- болашақ оқиғалармен байланысты басқарушылық шешімдерді жүйелі дайындау.

2.Кәсіпорынды қайта ұйымдастырудың қаржы аспектісі

Қайта құру . Қайта құру-бұл белгіленген уақыт мерзіміндегі төлем көлемін азайту мақсатында қиын қаржылық жағдайға ұшыраған компания капиталы құрылымының өзгерісін білдіреді. Кәсіпорын міндеттемелерінің иелері ескі бағалы қағаздарының орнына басқа жаңасын алуына болады.

Қайта құру процедуралары кәсіпорынды қалыпты функционирование қалпына келтіруге бағытталған. Егер олар әсер етпесе арбитражды сот кәсіпорын жұмысын тоқтататын “тарату, жою” (ликвидация) процедураларын жүзеге асады. Алайда қайта құрылған кәсіпорындар заңды тұлға болып табылады. Олар бұрынғы фирмаға тиесілі салық салу мақсатында “болашақ кезеңге қалдырылған” шығындарды өз атына алады. Егер фирма қайта құрылмай жойылып кетсе, онда салық салу мақсатында“болашақ кезеңге қалдырылған” шығындар жойылады. Осылайша фирманың өз қызметін жалғастыру стимулы пайда болады, бұл қайта құрумен салыстырғанда ликвидацияның кемшілігі болып табылады.

Тұрақсыз қарзгерді лтквидациялау, басқаша айтқанда конкурстық өндіріс кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін және қарыздардан босатылған банкроттылықты жариялау мақсатында іске асырылады.

Аталған процедураны өткізу уақыты 6 айдан аспауы тиіс. Бірақ, қажет жағдайда конкурстық менгерушінің арызы бойынша кредиторлар ұйымының келісімімен оны тағы 3 айға ұзартуға болады.

Сот қарызгерді банкрот деп шешкен уақыттан бастап оқшалануға және уақытша мүлік беруге тиым салынады, сонымен қатар оның қарыз міндеттемелерінің мерзімі біткен деп саналады, қарыздың барлық түрі бойынша есептесу тоқтатылады.

Кредиторлардың талаптары қарызгерді банкрот деп жариялаған кезден бастап 2 ай ішінде мәлімденуі тиіс. Бұл талаптардың ішінде негізгі қарыздың, шығынның көлемі мен сомасы туралы ақпараттар болуы керек. Конкурстық меңгеруші ақпаратты алған уақытан бастап 1 ай ішінде қарастырып, регестірге тіркейді.

Ликвидациялық дивиденттерді төлегеннен кейін қарызгер осы мәселені шешу нәтижесінде жабылмаған алдағы уақыттағы қарыз талаптарынан босатылады. Соттың банкроттылық жайлы істі қаруының негізгі мақсаты –бұл қарызгер активтерінің реттлген ликвидациясы және сонымен қатар кредиторлар арасында табысты еш алалаусыз бөліп тарату.


0004316332805111.html
0004417697885094.html

0004316332805111.html
0004417697885094.html
    PR.RU™